Халықаралық ынтымақтастық

2010 жылы Алматы технологиялық университетінің университеттер әйгілі Хартиясына қосылуымен және 1999 жылы 29 еуропа елдерінің министрлерімен қабылданған  Болондық  Декларацияға қол қоюынан басттап факультетте халықаралық серіктестік қарқынды дамуда.

Факультетте шетелдік жоғарғы оқу орындарымен, ғылыми орталықтармен байланыс  орнатылды, осының  арқасында зерттеуші-  оқытушылар  мен білім алушылар  академиялық ұтқырлық шегінде әлемнің әртүрлі елдерінде білім алуға, машықтануға және іс тәжірибеден өтуге мүмкіндік алды.

Болон процесінің қағидаттарын іске асыру шеңберінде қазақстандық жоғары оқу орындарының дипломдарын айырбастау, оларды халықаралық деңгейде тану мақсатында Пловдив (Болгария) қаласындағы Тағам өнімдері университеті мен АҚ Алматы технологиялық университетімен бірлесе келесі бакалаврдың 5В072700- Азық-түлік  өнімдерінің технологиясы, 5В072800- Қайта өңдеу өндірісінің технологиясы, 5B070100-Биотехнология, магистратураның 6М073500-Тағам қауіпсіздігі мамандықтар бойынша бірлескен білім беру бағдарламаларын іске асыру үшін  қос білім беру қызметін ұсыну туралы келісімге қол қойылды. Қос дипломды білім беру бағдарламасы бойынша бірлескен оқу бағдарламалары жасалды.

Федералды мемлекеттік бюджеттік білім беру мекемесі «Г.В. Плеханов атындағы Ресей экономикалық университеті» (Ресей Федерациясы) мен Алматы технологиялық университеті (Қазақстан) арасындағы ынтымақтастық туралы келісім негізінде 5В072700 – Азық-түлік өнімдері технологиясы мен 19.03.04 – «Қоғамдық тамақтандыру ұйымдастыру және өнімдер технологиясы» мамандығы бойынша қосдипломды білім беру бағдарламасы іске асырылды.

ПОҚ мен АТУ студенттерінің академиялық ұтқырлығы АТУ серіктестері-университетерімен ынтымақтастық бағдарламаларына,  Erasmus+,Groupe ESA, IAESTE және т.б  стипендиялық бағдарламаларына байланысты жүзеге асады. 

Халықаралық академиялық ұтқырлық –шетел білім беру және ғылыми ұйымдарда студенттердің оқуы немесе оқытушылар мен қызметкерлердің  жұмыс істеуі.

Академиялық ұтқырлық шегінде шетел университеттер-серіктестер: Болгария, Чехия, Испания, Италия, Голландия, Корея Республикасы, Россия, Белоруссия, Қырғызстан, Өзбекстан, Украина -Ғылыми әлемдік қауымдастықта көшбасшылық орындарды алу жолы бойынша университеттің алға қозғалу куәлігі.

Ұлттық академиялық ұтқырлық шегінде университет-серіктестер:  

-Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан агро-техникалық университеті, Орал қаласы.

-Қазақстан технология және бизнес университеті, Астана қаласы.

-Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетң, Шымкент қаласы

-Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті, Павлодар қаласы.  

-Шәкәрім  атындағы мемлекеттік  университет, Семей қаласы.

«АӨжӨӨТ» мен «ТӨТ» кафедралары Қазақстандағы Халықаралық ынтымақтастық жөніндегі неміс қоғамымен (GIZ) «Жоғары білікті кадрлар даярлау» бағыты бойынша тығыз қарым-қатынас жасайды. Осы бағдарлама шеңберінде университеттермен бірлескен Оқу жұмыс бағдарламалары құрастырылды:

-Германия, Дрездон қ., Дрезден техникалық университеті;

-Тәжікстан, Худжанд қ., М.Осими атындағы Тәжік техникалық университетінің Худжанд политехникалық институты;

-Тәжікстан, Душанбе қ., Тәжікстан технологиялық университеті;

-И.Раззаков атындағы Қырғыз техникалық университеті. 

Шетелде студенттердің машықтануы

АТУ-нің ректоры Құлажанов Т.К. «InterContinental» қонақ үйінің вице-президенттері Фатих Шенсуумен және Шахин Джейланмен жоғары білікті мамандарды даярлауға толық қолдау және көмек көрсету кездесуі

Андонг Ұлттық Университетінің (Оңтүстік Корея) студенттері тіл үйренді және тамақ өнімдерін өндіру факультетінің зертханалық сабақтарына қатысты