Menu Close

Факультет деканы

Жаксылыкова Гульшат
Нурмаханбетовна

Факультет деканы

Жаксылыкова Гульшат
Нурмаханбетовна

Приветствие декана

Сенің алдында болашақтағы мамандықты таңдау күрделі мәселесі тұр.   Әрине, таңдаған мамандыққа көңілің толу қажет, сонымен қатар таңдаған мамандығың біздің ауданда  және де республикамызда пайдалы және сұранысқа ие болуы қажет. Қазіргі уақытта Қазақстанның дамушы экономикасы тәжірибелі мамандықтардың мамандарын, табиғат заңдары, техника және технология туралы терең білімдері бар адамдарды қажет етеді. Тек, осындай ғана мамандықтарды 1967 жылы құрылған және ЖОО алдыңғы қатарлы факультеттері болып табылатын біздің факультетте ғана алуға болады.

Факультет түлектері тамақ және өңдеу кәсіпорындарында кәсіби әректке дайын және астық өңдеу, нан, макарон, кондитер, сүт, ет, балық өнеркәсібі бойынша кәсіпорындарға бағытталған, олар спирт, ликер-арақ, шарап жасау, сыра зауыттарында, алкогольсіз сусындарды өндіру және көтерме сату  кәсіпорындарында, жобалық-құрылымдық ұйымдарда, ғылыми-зерттеу және сынау орталықтары мен зертханаларында, шикізаттар мен дайын өнімдерді сертификаттау және идентификациялау қызметтерінде, сауда және салық инспекцияларында және басқа тамақ өнімдері өндірісі мен тауарайналымын бақылау органдарында, сонымен қатар мұнай-химия кәсіпорындарында жұмыс істейді. Бакалаврлар оқуын магистратурада және докторантурада жалғастыра алады. Мемлекетке жақсы инженерлік дайындығы бар, шет тілін білетін, заманауи көзқарастары бар,  жас, қайратты, кәсіпқой-технологтар қажет.

Талапкер! Сенде шынайы пайдалы және қызықты мамандықты иеленуіңе зор мүмкіндігің бар!

Тамақ өндірісі факультетіне қалай түсуге болады?

Бірінші курсқа түсетін талапкерлерге химия, физика немесе биология  пәндерін таңдай  отырып, Ұлттық Бірыңғай тестілеуден  өту керек. Толығырақ  www.atu.kz  сайтынан  біле аласыз.

Сәттілік тілеймін!

ФАКУЛЬТЕТ ҚҰРАМЫ:

«Астық өнімдері және өңдеу өндірістерінің технологиясы» кафедрасы

«Тағамдық биотехнология» кафедрасы

«Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі және сапасы» кафедрасы

«Химия, химиялық технология және экология» кафедрасы

Учебно-научный
хлебный центр

Учебно-научный центр
по переработке мяса

Учебный ресторан

Тамақ өндірісі факультетінде үш деңгейлі дайындық жүзеге асырылады: бакалаврлар, магистрлер, PhD докторлар, сондай-ақ іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулер орындалады.Мамандарды дайындау сапасын жетілдіру, ғылым мен білім интеграциясы тамақ өндірісі факультеті үшін басым болып табылады.