Жаңалықтар

«Жануарлардан алынатын өнімдер технологиясы»

2018 жылдың қазан айының 24 мен 26 аралығында «Тағам өнімдерінің сапасы және қауіпсіздігі» кафедрасының базасында студенттерге, магистранттар мен докторанттарға «HACCP жүйесінің талаптарына сәйкес тағам шикізаты мен өнімдерінің барлық түрлерін өндіру, сақтау және өңдеудің технологиялық процестерін зерттеу» тақырыбы бойынша Воронеж Инженерлік Технологиялық Университетінің (Ресей) «Жануарлардан алынатын өнімдер технологиясы» кафедрасының профессоры, техника ғылымдарының докторы Антипова Людмила Васильевна курстық дәріс оқыды.

Профессор Антипова Л.В. дәрісте тағам өнімдерінің қауіпсіздік мәселелерін, тамақ өнімдерін сараптаудың ғылыми негіздерін, қадағалау жүйесін жетілдіруді қарастырып өтті.Дәрістің соңында студенттер тарапынан сұрақтар қойылды. Сонымен қатар, профессор Антипова Л.В. докторанттардың диссертация тақырыбы бойынша кеңестік жұмысын жалғастырды.

Сондай-ақ, Алматы Технологиялық Университетінің ХҒТК шеңберінде Тағам өнімдері факультетінің базасында «Тағам өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі халықаралық стандарттардың рөлі» мәселесі бойынша қонақтар, оқытушылар, докторанттар мен магистранттар қатысуымен дөңгелек үстел өтті.