Жаңалықтар

«Астық өнімдері және және өңдеу өндірістерінің технологиясы» кафедрасының ғалымдары – 22-ші Халықаралық Орта- Азиялық көрмесі деңгейінде өткізілген Технолог Клубының белсенді қатысушылары

«Атакент» көрме кешенінде 2019 жылдың  6- 8-ші қараша күндерінде Тамақ өндірісінің өнімдері мен технологиялық жабдықтары қойылған Халықаралық Орта- Азиялық көрме өткізілді.

Көрме аясында қызықты заманауи форматта Технолог Клубы өткізілді.

Технолог Клубын ҚР ауыл шаруашылығы Министрлігінің ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу департаменті Басқармасының басшысы Бижигитова Г.Б., «FoodExpoQazaqstan»  көрмесінің және  «Iteca»  ЖШС-нің директоры Апроксимова А., Наубайханашы және кондитерші Бизнес кеңесі(BSPiK) жобасының басшысы Беседин П.А., наубайхана өндірісінің жетекші технологы Қалиева Н.М. ашты.

Клубта мынандай мәселелер талқыланды:

– Сала проблематикасы. Мәселелерді шешу жолдары.
– Наубайхана және кондитер өндірісіндегі инновациялық шешімдер;
– Экспорт, экспортталушы өнімдерді сертификаттау және басқа мәселелер.

Спикер ретінде жүргізушілер:

– Синявский Ю.А., Қазақ тамақтану академиясының вице-президенті, м.ғ.д.;
– Краснова И.В.- «Нутритес» ЖШС  жетекші маманы;
– Шаншарова Д.А.- Алматы  технологиялық университетінің «АӨжӨӨТ» кафедрасының профессоры.

П.Беседин мырзаның баяндамасында   алғаш реет Нан өнімдері Халықаралық Форумы көрмесін ұйымдастырылып,  ары қарай Наубайханашы және кондитерші Бизнес кеңесі (BSPiK) компаниясы құрылғаннан бері компания  мамандары   мен  Алматы технологиялық университеті ғалымдарының арасындағы  берік ынтымақтастың арқасында  бес жыл бойы,  университет ғалымдарының барлық көрмелерге белсенді қатысуы, спикер ретінде қатысуы, АТУ ғалымдарының еңбектерінің көрмесін ұйымдастыру және студенттерді белсенді жұмылдыру бойынша жемісті бірлестіктің  қалыптасқаны  атап өтілді.

Университетімізде кәсіби және ұйымдастырушылық қасиеттері жоғары ерікті студенттер тобы құрылған.

Университет басшылығы «BSPiK» білім беру Орталығы компаниясына өз алаңынан орын берді, қазіргі кезде  орталықта Қазақстан нарығында пайда болған ұнды кондитер өнімдеріне қолданылатын жаңа шикізаттар, технологиялар туралы студенттер мен магистранттарға семинар, мастер-кластар өткізілуде. Біз осындай іс-шаралардың өткізілуі студент, магистранттардың бизнеске алғашқы қадамдарын жасап, кәсіби деңгейлерін жоғарылатуға ықпал ететініне қуаныштымыз.

Көрме өткізілуі барысында көрсеткен еңбегі үшін Алматы технологиялық университетіне «FoodExpo Qazaqstan  көрмесін өткізуде көрсеткен үлесі үшін құрметті Вымпелі» табысталды.

Көрме ұйымдастырушылары көрмеге қатысқан Алматы технологиялық университеті  студенттері мен ғалымдарының кәсіби және ұйымдастырушылық деңгейінің жоғары екенін атап өтті:

  • ОӘЖ жөніндегі проректор, профессор Л.К. Байболова;
  • ТӨФ деканы, профессор Г.Н.Жақсылыкова;
  • Кафедра меңгерушісі, т.ғ.д. С.Т.Жиенбаева;
  • Т.ғ.д. Д.А. Шаншарова.;
  • PhDН.Б.Батырбаева;
  • ТХ-16-11тобыныңстуденттері – Жаксылыкова Акерке, Омарова Жанна, Алматова Анель, Атаева Амина, Ошакбай Жибек, Исабек Хафиза, Донешбекова Назгуль, Оразбай Айсулу, Шахиева Замира, Токтарова Айгерим;
  • ТХ-15-2 тобының студенттері (Амангельды Асем, Шептунова Елизавета, Жалел Алсу, Айдосова Аружан).

Біз университет ғалымдары, PhD-докторанттары, магистранттары мен студенттерініңалдағыуақыттарда да кеңкөлемдегііс-шараларғабелсендіқатысып, бірлестігіміздіңжемісті бола беретінінесенеміз!