Menu Close

Халықаралық ынтымақтастық

«Тағамдық биотехнология» кафедрасында Раззаков атындағы Бішкек университеті, Болгария мемлекетінің Пловдив университеті, Жоғары технологиялар институты Гебе қаласы, Түркия мемлекеті, Andong National Университеті Оңтүстік Корея және CIRAD Франция) халықаралық ғылыми орталығымен және басқа да жетекші шетелдік университеттерімен ынтымақтастық туралы келісімдер жасалған.

Академиялық ұтқырлық

6M070100 – «Биотехнология» мамандығы, 2-курс магистранты Матниязова Х. Венгрия мемлекетінің Дебрецен Университетінде  2017 жылдың қыркүйек айы мен 2018 жылдың қаңтар айы аралықта академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша білім алды. 5В070100 – «Биотехнология» мамандығының 2,3 курс студенттері Мырзабай А. және Шыңбергенов Н. Венгрия мемлекетінің Дебрецен университетінде 2018 жылдың қыркүйек айынан бастап 2019 жылдың қаңтар айы аралығында білім алды.

Шетелдік профессорлардың лекция оқуы

Ресей ғылым академиясының Сібір бөлімшесінің клиникалық және эксперименттік лимфология ғылыми-зерттеу институтының профессоры Бгатова Н.П. «Нанобөлшектердің адам мен жануарлардың тіндік жасушаларына әсері» атты тақырыбында 2 кредит көлемінде  дәріс оқыды.

Испан университетінің профессоры Лопез Фернандес Мария Луиза мұғалімдер мен студенттерге «Жасыл технологиялар мен жасыл экономиканың келешегі және мүмкіндіктері» пәндері бойынша дәріс оқыды.

Ресей Федерациясының Воронеж Университетінің, «Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы» кафедрасының профессоры Антипова Л.В. «Өндірістік процестің технологиялық үдерістерін пайдалану және сақтау, тамақ шикізаты мен өнімдерінің барлық түрлерін HASPP жүйесінің талаптарына сәйкестендіру» атты тақырыбында 10 сағат көлемінде  дәріс оқыды.

2018 жылы Литва, Вильнюсте университетінің профессоры Милашиус Казис жас мамандар мен кафедра студенттеріне «Арнайы тамақтануға диеталық қоспаларды пайдалану» тақырыбында 2 кредит көлемінде академиялық ұтқырлық бойынша дәріс оқытылды.