Menu Close

Тәжірибе және жұмысқа орналастыру

Оқу жоспарына сәйкес, студенттер 1-курстан бастап практикадан өтеді, ол 4 түрге: оқу-таныстыру, педагогикалық, өндірістік және дипломалды болып бөлінеді. Кафедрада тәжірибелік сабақтар жүргізу үшін жетекші кәсіпорындармен ынтымақтастық туралы келісімдер жасалған. Мысалы, азық-түлік өнеркәсібінің жетекші кәсіпорындары: «Ақсай-нан» ЖШС,  «Raimbek-Bottlers» ЖШС, «Efes Kazakhstan»,  «Coca Cola» ЖШС, сонымен қатар ҚР БҒМ ғылыми-зерттеу институттары: Микробиология және вирусология институты, М.А. Айтхожина  атындағы молекулярлық биология және биохимия институты, Бектұров атындағы химиялық ғылымдар институты, Адам және жануарлар физиологиясы институты, Өсімдіктер биологиясы және биотехнологиясы институты, Қазақстан Республикасының тамақтану академиясы институты. Кафедраның түлектері тағам, тағам өңдеу, микробиологиялық, фармацевтика өнеркәсібі, ғылыми-зерттеу институттары мен биотехнология, медициналық, ауылшаруашылық зертханалары, ауылшаруашылық өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігі бойынша зертханаларда, экологиялық қызметтер мен ұйымдарда жұмыс істей алады.

2017-2018 оқу жылына арналған «Тағамдық биотехнология» кафедрасы түлектердің жұмыспен қамтылуы:

2018-2019 оқу жылында 5В070100 – биотехнология мамандығы түлектерінің жалпы саны 220 адамды құрады. Олардың ішінде жұмысқа орналасқандары:  мамандығы бойынша жұмысқа орналасқандары – 28 адам. (12,7%) лаборанттар ретінде технологтар Санэпидемстанция (СЭС), әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, ШЖҚМКК “No4 қалалық клиникалық ауруханасы”, ЖШС “Raimbek Agro”, “Узень – жылу комуналдық кәсіпорыны” Ұлттық сараптама Ақтау қаласы, “Химия зертханасы” ЖШС Атырау қаласы, “Үзіліс” ЖШС, “Ариме” ЖШС, “БАРЫС 4” TOO’lemonadoff food’ Chips production “Нацэкс” ЖШС, Астана қаласы, зертхана, ЖШС “SBK company”, “RG Brand” ЖШС, “Аяла Плюс” ЖШС, Қызылорда облысы, Жаңақорган аграрлы – техникалық колледжы “ӘКК түлігі Шиелі”.

Магистратура келіп түскен – 16 үміткер (7,2%), оның ішінде:

2017-2018 оқу жылына арналған «Тағамдық биотехнология» кафедрасы түлектердің жұмыспен қамтылуы

Жұмыспен қамтамасыз етілгендері талдау нәтижелері бойынша 70,4% құрайды, бұл жалпы санының 2018-19 оқу жылында – 155 адам.