Menu Close

Жетістіктері

Кафедраның көрнекті оқытушылары бакалавриат, магистратура, докторантура мамандықтары бойынша Қазақстан республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттар және арнайы пәндердің типтік бағдарламаларын әзірлейді, соңғы үш жылда оқытушылар 34 кітап пен оқу нұсқаулық шығарған.

Келесі өндіріс орындарында кафедра өндірістік және дипломалды тәжірибелерді ұйымдастырып, өткізеді «KazBestProdukt» АҚ,  Қапшағайлық нан өнімдерінің  комбинаты, «Алтын-Диірмен» корпорациясы АҚ, «Сеймар» АҚ, ААҚ «Байсерке», ААҚ «Дән»,  ААҚ «Алматы макарон  фабрикасы», ЖШС  «Алматы-нан», ЖШС «Аксай», ЖШС «АзияАгроФуд».

Келесі кәсіпорындарының тапсырысы бойынша кафедра түлектерінің жұмысқа орналасуы іске асады: Астық ҒЗИ, «Ақ-Маржан» АҚ,  «Казхлебкомплектснаб» АҚ, «Пищевик» АҚ, «Ақ-бидай» АҚ,  «Хлебкомплект» АҚ,  «Астық» АҚ, «Эксперт-хлеб» фирмасы, «Казэкспорт-Астык» АҚ, «Ак-бидай» ЖШС, АТПП «Алтын-Диірмен», «KazBestProdukt» ААҚ, «АзияАгроФуд» ЖШС және т.б.

Мемлекетіміздің ірі кәсіпорындарын басқарып отырған азаматтар, Алматы технологиялық университетінің түлектері екендігіне кафедра мақтан тұтады: Остриков Александр Иванович – «Цесна Астық» техникалық директоры, Карпюк Виктор Иванович – «Цесна Астық» диірмен комплексінің бастығы, Агибаев Маден  –  ЖШС «Цесна Мак» атқарушы директоры, Омаров Толымбек Есенжолович – ҚР АШМ аппарат жетекшісі және т.б.