Menu Close

Білім беру бағдарламалары

Алматы технологиялық университетінде дипломдалған бакалаврды дайындау құқығы 03.02.2010ж. № 0137401 мемлекеттік лизенциясымен бекітілген және 03.08.353 2006ж. ҚР МЖМББС сәйкес «Техника және технология бакалавры» академиялық дәрежесін иеленуге негізделген.

Осы мамандық бойынша оқыту күндізгі және сырттай ( қашықтықтан оқыту) бөлімі бойынша, мемлекеттік және орыс тілдерінде жүргізіледі. Орта білім базасында күндізгі білім беру бөлімі бойынша оқыту мерзімі -4 жыл, техникалық және кәсіби- 3жыл, жоғары – 2 жыл. 

Оқыту 4 мамандандыру саласы бойынша жүргізіледі: астықты қайта өңдеу және сақтау технологиясы; нан, макарон және кондитер өнімдерінің технологиясы; қант тектес шикізаттарды қайта өңдеу және сақтау технологиясы; шарап жасау және ашыту өндірісінің технологиясы.

5В072800-«Қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы» бакалавриатының білім беру бағдарламасы ASIIN (Германия) халықаралық агенттігімен 15 шілде 2013 жылы аккредиттелген, сонымен қатар осы агенттікпен 28 наурыз 2014 жылы 5В072800 – «Өңдеу өндірістерінің технологиясы» білім беру бағдарламасына «Инжиниринг саласындағы Евробакалавр» (EUR-ACE®) мәртебелі белгі берілді. 

6М072800 – Қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы 

Магистранттарды дайындау 6М0728000- «Қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы» мамандығы бойынша ҚР Ғылым және Білім Министрлігі 2010 жылдың 3 ақпанында берген АБ №0137401 Мемлекеттік лизенциясы негізінде жүзеге асырылады. ( Қосымша 0110236 03.02.2010ж ). Оқыту екі бағытта: кәсіби және ғылыми-педагогикалық жүргізіледі.

6Д072800 – Қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы

РҺD – докторантураның білім беру бағдарламасы 6Д072800 «Қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы» мамандығы бойынша ҚР Ғылым және Білім министрлігінің МЖМББС ҚР 7.10.137-2010, МЖМББС 5.04.034-2008 мемлекеттік жалпы білім беру стандарттарына сәйкес 03.02.2010ж. берілген АБ №0137401 мемлекеттік лизенциясы ( Қосымша 06.06.2010 ж. №110239) негізінде жүзеге асырылады. Оқыту процесінде оқу-зерттеу жұмыстары жүргізіледі, оған: теориялық оқыту, тәжірибе, ғылыми- зерттеу жұмыстары, оның ішіне докторлық диссертацияны орындау; аралық , квалификациялық және мемлекеттік қорытындылау аттестациясы, шетелде тәжірибе алмасудан өту кіреді.

«Қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы» магистрлік және докторлық білім беру бағдарламалары 3 шілде 2014 жылы Білім беру сапасын қамтамасыз ету бойынша тәуелсіз Қазақстан агенттігімен аккредителген. Ұлттық агенттіктер («Білім беру сапасын қамтамасыз ету бойынша Тәуелсіз Қазақстан агенттігі» және «Аккредиттеу мен рейтингтің Ұлттық агенттігі») рейтинг қорытындысы бойынша «Қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы»бакалавр және магистрлік білім беру бағдарламалары жыл сайын бірінші орынды иеленуде.

Мамандардың білім деңгейін жоғарылату үшін кафедрада оқу-зертханалық база құрылды. Білім берушілерге практикалық дағдыны қалыптастыру үшін және оқытушылар, магистранттар мен докторанттардың ғылыми зерттеу нәтижелерін сынақтан өткізу үшін кафедрада «Оқу-ғылыми нан орталығы» (Италия), «Оқу-ғылыми макарон орталығы» құрылып, табысты жұмыс істеуде.