Menu Close

Ғылыми-зерттеу жұмысы

I дәрежелі дипломмен ҚР ҰҒА академик, т.ғ.д., профессор Изтаев А.И.  «Қазақстандағы АӨК саласындағы ең көп аталатын авторлар» және «Қазақстандағы АӨК саласындағы ең көп баспаға шығатын авторлар» номинацияларында жеңіп шықты. 2010 Изтаев А.И.  Біріші инновациялық конвентте қала әкімінің қолынан дипломын иеленді. 2011 жылы Изтаев А.И. РҚ бойынша ғылыми салаларда еңбек еткен үшін марапатталған.

2013 жылы т.ғ.н. Искакова Г.К. «ҚР ЖОО үздік оқытушысы» және «Ғылым саласының құрметті жұмысшысы» атағын иеленді. 2013 жылы т.ғ.д., профессор жұмысын атқарушы Жиенбаева С.Т. «ҚР ғылымын дамыту үлесін қосқан үшін» марапатталған. Кафедраның доценттері Байысбаева М.П. және Даутканова Д.Р. Тұңғыш Президент Фондынан «Қазақстан жас мамандардың ғылыми жетістіктері» деп аталған гранттын иегерлері.

Т.Ғ.Д. Шаншарова Д.А. 2011-2012 жылдары Болония университетінде (Италия) Еуропа одағының Erasmus Mundus программасы бойынша ғылыми докторлықтан кейінгі стипендиясын алды. PhD докторант Изембаева А.К. 2012 жылы Познань қоғам тағамдану және қонақ бизнес академиясында ғылыми машықтанудан өтті.

2012 жылы профессоры Жиенбаева С.Т., Мулдабекова Б.Ж., 2013 жылы Изембаева А.К PhD докторанты «Болашақ» бағдарламасының Пловдив тағам технология университетінің ғылыми машықтама иегері болып аталды. АӨжӨӨТ кафедрасының ғылыми ұжымы мемлекеттік ғылыми-техникалық бағдарламаларға, сонымен қатар ҚР МАШ, ҚР БҒМ, Индустрия және жаңа технология Министрліктері құратын фондтарына қатысады

Мамандардың білім деңгейін жоғарлату үшін кафедрада оқу-зертханалық база құрылды. Білімгерлерге тәжірибе дағдысын дамыту үшін және студент, магистрант және докторант ғылыми тәжірибесін өту үшін кафедрада «Нан оқыту центрі» (Италия) құрылып, жоғары деңгейде жұмыс атқарып отыр.

«Астықты қайта өңдеу және  сақтау технологиясы», «Нан, макарон және кондитер өнімдерінің технологиясы», «Қант тектес шикізаттарды қайта өңдеу және сақтау технологиясы», «Шарап жасау және ашыту өндірісінің технологиясы» мамандықтары бойынша Қазақстанда және басқа елдерде атақты үздік профессорлар және оқытушылар білім береді:  ҚР ҰҒА академик, т.ғ.д., профессор Изтаев А.И.,  профессорлар  Усембаева Ж.К., Витавская А.В, Джанкуразов Б.О., Кизатова М.Ж., Онгарбаева Н., Искакова Г.К., Мнацаканян Р.Г., Дайрашева С.Т., Росляков М.Г., Карталова М.С.

Республиканың ең ірі кәсіпорындарының басқарушылары кафедра түлектері. Университет, «Бахус» АҚ Президенті Артуш Мурепович Карапетян, АТУ қамқоршылар Кеңесінің төрағасы, «Дионис» шарап зауытының директоры  Рудик Гайкович Мнацаканян, АТУ түлегі Халина Валентина Ивановна және т.б. республикамызға танымал профессорларымен мақтан тұтады. 

Кафедра келесі университеттердің жетекші кафедраларымен бірлесе зерттеу жұмыстарын жүргізеді: Мәскеулік мемлекеттік тағам өндірісі  университеті, Одессалық ұлттық азық-түлік технологиялық академиясы, Киевтік ұлттық технологиялық университеті, Оштың технологиялық университеті, Бұхарлық жеңіл және тағам өндірістері технологиялық институты, Х. Дулати атындағы  Тараз мемлекеттік университеті, Шығыс-Қазақстан мемлекеттік университеті,  С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті.