Menu Close

Магистрлік жұмыстардың тақырыптары

Білім беру сапасын қамтамасыз етудің негізгі факторларының бірі ХТ және “Экология” білім беру бағдарламаларының материалдық-техникалық базасын қазіргі заманғы жабдықтармен жабдықтау болып табылады. Осыған байланысты жыл сайын оны кеңейту бойынша мониторинг жүргізіледі.

Материалдық-техникалық базаны кеңейтуге (компьютерлік техниканы, зертханалық жабдықтарды және оқу мүкәммалын сатып алуға) қаржыландыру көлемі Ғылыми кеңестің отырыстарында қаралады және “АТУ”АҚ директорлар Кеңесімен бекітіледі. Қаржыландыру бюджеттік қаржыландыру есебінен де, ақылы білім беру қызметтерін көрсету, ҒЗЖ орындау бойынша кірістерден де жүзеге асырылады.

Зертханалық жабдықтарды (I), оқу әдебиетін, мерзімді басылымдарды (II), ақпараттық ресурстарды, компьютерлерді (III) және “Экология” білім беру бағдарламалары үшін сатып алуға бөлінген қаржы қаражатының серпіні төменде көрсетілген кестеде көрсетілген. Оқу ресурстарының барлық түрлері бойынша жыл сайын ілгерілеу байқалады.